Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ТЖМ Өртке қарсы қызмет төрағасына, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Лауазымды тұлғалар бизнес өкілдерінен жүйелі түрде жалпы сомасы 40 млн теңгеден астам пара алу бойынша күдікті.
Тергеу соты күдікті адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Қылмыстық іс Ақмола гарнизонының әскери сотында қаралып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.