×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ауылдарда полицейлер саны көбейеді

08.11.2021, 09:43
Ауылдарда полицейлер саны көбейеді
Фото: Ашық дереккөзден

Әрбір ауылдық учаскелік полицияға мәртебесі заңмен белгіленген көмекші бекітіледі, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Құқық бұзушылықтардың алдын алуда учаскелік инспекторларға негізгі рөл беріледі. Осыған байланысты олардың мәртебесін арттыру бойынша шаралар қабылданды. Енді оларға құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар енгізу құқығы берілді. Әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарау бойынша олардың құзыреті кеңейтілді. Аталған қызметті штаттық нығайту мәселелері пысықталуда. Әрбір ауылдық учаскелік полицияға мәртебесі заңмен бекітілген көмекші бекітіледі», - деді ішкі істер министрі мәжілісте өтіп жатқан үкімет сағатында.

Айта кетсек мұның алдында министр бірінші кезеңде ІІМ құрылымы оңтайландырылғанын мәлім еткен еді. Оның айтуынша, 106 басқару буыны және 1,5 мыңға жуық басшылық лауазымдар таратылған. Штат саны негізінен бос лауазымдар есебінен 11% қысқартылды. Осының нәтижесінде, қазір 100 мың тұрғынға шаққандағы полиция қызметкерлерінің саны 372 құрайды.

«Бұл орташа еуропалық көрсеткіш», - дейді Ерлан Тұрғымбаев.