×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Шүберек»: Түркістанда мемлекеттік туды қорлаған тұрғын жазаға тартылды

28.05.2024, 17:27
«Шүберек»: Түркістанда мемлекеттік туды қорлаған тұрғын жазаға тартылды
Фото: ашық дереккөз

Түркістандық тұрғын мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Іс материалдарын сәйкес, биыл 14 сәуірінде жігіт Түркістан қаласының орталық көшесімен көлік жүргізіп келе жатып, телефонына ілініп тұрған мемлекеттік туды камерасына түсіріп алған.

Келесі күні ол роликті TikTok-та жариялаған.

Атап айтқанда, ол Қазақстан Республикасының туын «шүберек» деп атаған. Видеоны ұнатпағандар көп болған. Пікір білдірушілер де мемлекеттік рәмізге деген мұндай көзқарасқа наразылық білдірген.

Тергеу басталды

Көп ұзамай автор жазбасын өшіріп тастаған, бірақ кейбір қолданушылар полиция мен прокуратураға арыз түсірген. Бұл факт бойынша тергеу басталды.

Жігіттің жеке басы анықталып, ұсталды. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 372-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сот үкімі

Роликтің мазмұнын талдаған психологиялық-филологиялық сараптамадан автордың сөзінен Қазақстанның мемлекеттік рәмізін қорлағаны анықталды.

Сотта жас жігіт өз кінәсін толық мойындап, өкініп, кешірім сұрады.

Тергеуден жиналған материалдар негізінде оның кінәсі дәлелденді. Сот үкімімен ол бір жыл бас бостандығын шектеу жазасына және жүз сағатқа мәжбүрлі жұмысқа тартылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.