×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Су тасқыны: Атырауда тасқын су тазарту станциясын басып қалды

28.05.2024, 22:40
Су тасқыны: Атырауда тасқын су тазарту станциясын басып қалды
Коллаж Ulysmedia

Салдарынан Атырау облысының бірнеше ауылында судың қысымы төмендейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.  

Атырау халқы тасқын судың салдарынан уақытша ауыз судан таршылық көреді. 

«Атырау облысы су арнасы» КМК, Амангелді ауылындағы су тазарту қондырғысының қалқымалы сорғыға және жөндеуге қолжетімсіздігіне байланысты оның жұмысы уақытша тоқтап тұрғанын хабарлайды,”- деп жазды хабарламада.  

Соның салдарынан Дамба, Қызыл Балық, Жаңаталап және Құрманғазы ауылдарына қаладан суық су тартылып, үйлеріңіздегі су қысымы төмендейтіндігі айтылған.  
 
Су тазарту қондырғысын қайта іске қосу жұмыстары маусым айына жоспарланған. 

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Құлсарыдағы ереуіл

Әлеуметтік желіде тараған видеодан алаңға жиналған бір топ азаматты көруге болады. Бейнежазбадан олардың өте көп екендігі байқалады. Бұлар өз талабын айтып шыққан азаматтар. Олардың барлығының баспаналары су тасқыны кезінде жарамсыз болып қалған. 

“Біз сауатсыз емеспіз. Қанағат қылып 400 мыңнан есептеп отырмыз. Соның ісіне сарайы да, қорасы да кіреді,” - деп өз талаптарын жеткізді.  

Осы сөздерден азаматтардың әкімдік тарапынан берілетін өтемақыға көңілі толмайтынын аңғаруға болады. Ол өздерінің орта есебімен кететін шығынды 400 мыңға бағалап отыр.