Бас прокуратураның қызметкерлері Қазақстан азаматын адам өлтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресейден экстрадициялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ведомствоның мәліметінше, ол 2023 жылдың қаңтар айында Шымкент қаласында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының құрамында адам өлтірген.
Күдіктінің сыбайластары түрлі жаза түрлеріне сотталды, ал фигурант қылмыс жасағаннан кейін жасырынуына байланысты халықаралық іздестіруге жарияланған.
Өткен жылғы желтоқсанда ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталды.
Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ресейлік тарап күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау туралы шешім қабылдады.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.