×
481.68
522.48
5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.68
522.48
5

Үкіметтен бізге «отписка» жауаптың келгені де керек: депутат кабминмен жұмысы жайлы

29.05.2024, 13:21
Үкіметтен бізге «отписка» жауаптың келгені де керек: депутат кабминмен жұмысы жайлы
Фото: Ашық дереккөзден

Жаз жақындағанда депутаттар каникулға кетуге дайындала бастайды. Былтыр жасақталған құрам биыл бір жылдан астам уақытқа созылған жұмысын түйіндегелі отыр. Ulysmedia.kz тілшісі осы ретте әр депутатты сөзге тартып, жұмыс қорытындысы бойынша сұрақ-жауап форматында шағын сұхбаттар легін бастайды. Бұл жолы Тілектес Адамбековты сөзге тарттық.  

“Жылды қалай қорытындылап жатырсыз” деген сұраққа Адамбеков жыл өте қызу өткенін айтады. Жаңа шақырылым болғаннан кейін бір жылдың ішінде әртүрлі іс-шаралар болғанын, президенттің жолдауында көтерген мәселелер болғанын, соларды заң жүйесінде жүзеге асыру міндеті тұрғанын атап өтеді.

– Одан басқа Мәжіліске келіп жатқан заңдарды қарастырдық. 12 жұмыс обының мүшесімін. Одан басқа депутаттық сауалдар туралы айтар болсақ, әр адам мұны әртүрлі пайдаланады. Менің ойымша, өзім қоятын сұрақтар болады – оның шешімін таппаған кезде ғана депуаттық сауалға шағымданам. Ал негізі жұмыс барысында телефонмен отырып, сөйлесеміз. Үкіметте жүрген адамдарды танимын. Солармен телефон арқылы да кейде сұрақтарды шешеміз, – дейді ол.

“Өз жұмысыңызды 10 балдық шкаламен қалай бағалайсыз?” деген сұраққа нақты санды депутат айта қоймады.

– Оны айта алмаймын. Халық бағалауы керек. Атқарып жатқан жұмысыма көңілім толады. Басқа адамдар сияқты көп сұхбат беріп, БАҚ-қа жұмысымды жазып жатпасам да, инстаграмға, фейсбукқа жазам. Бірақ көп жазбауға тырысам. Өйткені жұмыс барысында біріншіден уақытың кетеді, екіншіден көтерудің де қажеті жоқ сұрақтар болады. Өйткені телефон арқылы шешілетін сұрақтар болады. Парламентте жүрген әр жүріс-тұрысымды жазып жатсам, онда мен жұмыс істеймін бе, әлде пост жазып отырам ба? – дейді ол.

“Ондайларды популизм деп бағалайсыз ба?” деген сұрақ қойылған. 

– Әр адамның өз көзқарасы бар. Біреулерге әртүрлі сала бойынша жұмыс істеген ұнайды. Менің өз ұстанымым – тек өзім білетін, өзімнің дұрыс пікірімді жеткізе алатындай, халықты не істегісі келеді емес, не істеуі керек деген тақырыпта өз пікірімді айта алатын жағдай болса, сол кезде шығып тұрам, – дейді Адамбеков.

“Депутаттық сауалдарыңызға Үкіметтің берген жауабына көңіліңіз тола ма?” деген сұраққа Адамбеков былай дейді.

– Әртүрлі жағдайлар болады, бір кездері “отписка” болады өкінішке қарай. Оның өзі де керек. Бізге сондай жауап келсе, соны ұстанымыз да, “бұл жауап көңіліміз толмайды” деп ашық айтамыз. Сол жауапты бергендеріне өздері де өкініп қалады. Ол депутаттың жұмысы шығар.

Адамбеков депутаттық сауал жолдағаннан кейін телефонмен министрге сауал жолдаған хабарлайтынын айтады.