×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Ақтауда қоқыс жәшігінің жанында намаз оқып отырған адамның видеосы тарады

Фото: видеодан кадр

Ақтаудағы 32Б шағын ауданда қоқыс жәшігінің жанында намаз оқып отырған жігіттің видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Mangystaumedia.kz сайтының мәліметінше, видео авторы ішімдік ішіп алған жігіт әртүрлі сылтау айтып, пәтерлердің есігін қағып, қайыр сұрайтынын, кейде есігі ашық тұрғын пәтерлерге кіріп кететінін айтады.

Осы кісі үйімізге кіріп кетіп жүр. Үйде балаларымыз болады. Құдай сақтасын, қорқамыз. Өзі мас. Басында өзіміз көмек беріп, жаман үйреткенбіз. Осымен бесінші рет біздің подъездімізге келді. Есік алдында ұл-қыздарымыз ойнап жүр, қорқамыз. 102-ге хабарласуымыз керек пе, кімге айтсақ болады? - дейді тұрғын.

Полиция не дейді

Бұған дейін қолына жайнамаз ұстап алған мас жігіт жетімдер үйінен екенін, жақында қарындасы қайтыс болғанын айтып, соған 48 мың теңге сұрап, 9 шағын аудан тұрғындарын да мазалаған көрінеді. 

Облыстық Полиция департаменті бұл ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 30 тәулікке қамалғанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары