×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Қазақстан қалаларына Ресейдің тарихи құқығы бар»: дума депутатының сөзі жөнінде Әшімбаев не дейді

30.05.2024, 13:01
«Қазақстан қалаларына Ресейдің тарихи құқығы бар»: дума депутатының сөзі жөнінде Әшімбаев не дейді
Коллаж: ulysmedia.kz.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, ресейлік лауазымды тұлғалардың сөздеріне Қазақстанның сыртқы істер министрлігі әрдайым уақтылы жауап береді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтан бүгін Ulysmedia.kz тілшісі Ресей мемлекеттік думасының вице-спикері Петр Толстойдың мәлімдемесіне түсініктеме беруді сұраған. Дума депутаты таяуда берген сұхбатында "егер Ресей Украина тақырыбын біржақты етпесе, онда Қазақстан, Армения және басқа да қоршаған елдермен проблемалар туындайды" деген еді.

Жауап

– Осындай жайттар болған кезде біздің депутаттарымыз да өз жауаптарын беріп жатқанын білесіздер. Нақты ол депутаттың айтқанын естіген жоқпын. Әріптестерімнен естідім, өзім тыңдаған жоқпын. Тыңдап көрейік. Мұны мемлекеттік думаның емес, жеке адамның пікірі деп қарастыру керек. Тыңдайын. Содан кейін жауабымызды береміз, – деді Әшімбаев.

Әшімбаев Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғап, депутаттар да, СІМ де, ақпарат министрлігі де мұндай мәлімдемелерге уақтылы жауап беретінін айтады.

Толстой не деді

Ресей Мемлекеттік Думасының вице-спикері Петр Толстой «Комсомольская правда» радиосында қазақ қалаларының әуел бастан орыстікі болғанын, сондықтан Ресей Федерациясының оларға тарихи құқығы бар екенін айтқан. 

– Бүгінгі таңда Қазақстанда тәуелсіздікке, латын әліпбиіне көшуге қатысты ұлттық мифология дамып келе жатқан қандай да бір қазақ мемлекетін қалпына келтіру тұрғысынан не болып жатқанын қараңызшы, – деді Петр Толстой.

Ол қазақтар Алматы қаласының 1867-1921 жылдар аралығында Верный атауымен болғанын ұмытпауы керегін айтты.

– Біздің орыс казактарының бекінісі. Ал бұл оқиғаның ұлттық болмыс үшін маңызы зор. Басқа әңгіме ойлап табудың қажеті жоқ, – дейді Петр Толстой.

Оның айтуынша, жердің бәрі Қытайға, қазба байлығы ағылшындарға сатылып кеткеннің өзінде де Ресейден бөлінудің қажеті жоқ. Ол көршілермен «жақсы қарым-қатынаста» болуы керек деп қосты.