×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қандас мәртебесін алу үшін генетикалық сынақ жасалуы мүмкін

30.05.2024, 18:26
Қандас мәртебесін алу үшін генетикалық сынақ жасалуы мүмкін
Фото: ашық дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандас және азаматтық мәртебесін алуға үміткер адамдардың қазақ ұлтына жататындығын айқындау қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Құжаттар талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.

Қағидалар бойынша қазақ ұлтына тиесілігін анықтау туралы өтініш Migration.enbek.kz порталы арқылы, «Құтты мекен» мобильді қосымшасы, Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган немесе Қазақстанның шет елдердегі мекемесі арқылы беріледі.

Оқи отырыңыз: Лайықты өмір сүру үшін табыс қанша болуы керек: министр жауап берді

Толығырақ

Әрі қарай, өтінімді қарайтын комиссия құрылады. Оның ішінде үміткердің қазақ ұлтына жататынын растайтын құжаттардың болуы ескеріледі. Әңгімелесу қазақ тілін, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, мәдениетті, туыстық және басқа да факторларды білу бойынша бетпе-бет немесе онлайн форматта жүргізіледі.

Өтініш берушіде қазақ ұлтына жататындығын анықтау үшін құжаттар болмаған кезде молекулярлық-генетикалық сараптама жүргізіледі. Үміткер оны өз қаражаты есебінен өтеді.

Адамды ұлты бойынша қазақ деп тану туралы шешімді комиссия - дауыс беру арқылы шығарады.

Қандас - Қазақстандағы қоныс аударушы, шетелден оралған этникалық қазақ.