×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тағы да автобус апаты: 1 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алған

30.05.2024, 20:50
Тағы да автобус апаты: 1 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алған
фото: Алматы облыстық полиция департаментінен

Жолаушылар мінген автобус Алматы - Шелек - Қорғас тас жолында жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан автобустың жүргізушісі қаза тауып, 11 адам жарақат алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.  

Алматы облысы полиция департаментінің хабарлауынша, автобус жүргізушісі ұсталды. ЖКО фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. 

"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Yutong автобусының жүргізушісі қашықтықты сақтамаған және Mercedes Benz 2540l Actros жүк көлігімен соқтығысуға жол берген. Апат салдарынан алдыңғы орындықта отырған екінші автобус жүргізушісі жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды", - деп хабарлады полиция. 

Апат кезінде автобус салонында 40 жолаушы болған. Олардың он бірі түрлі жарақат алды. Бір адам ауруханаға жатқызылды, қалғандары амбулаториялық емделуге жіберілді. 

Бұған дейін

Алматы облысы Кеген ауданында тас жолының тік бұрылысында туристерге толы автобус аударылып қалған еді.

Толығырақ

Оқиға орнына екі медициналық бригада жеткен. Автобуста барлығы 37 адам болды, деп нақтылады Алматы облысының әкімдігі.