×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Ертерек шығыңыз, кешігесіз: Алматылықтарға ескерту

30.05.2024, 23:45
Әлеуметтік желіден

Алматы полиция департаменті 30 мамырда қала көшелерінің кейбір аймақтарында жол қозғалысының шектелуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.  

Полицейлер Алматыда 30 мамыр мен 6 маусым аралығында бірқатар халықаралық іс-шаралар өтетінін атап өтті: 

30-31 мамыр-ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы. 

2-3 маусым – ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысы. 

5-6 маусым-ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысы. 

"Осыған байланысты іс-шаралардың ауқымын, сондай-ақ қатысушылар мен қонақтардың санын ескере отырып, Алматы қаласының полиция департаменті жол қозғалысын ішінара шектеу туралы хабарлайды. Жол шектеулері қоғамдық көлік қозғалысына әсер етпейтінін атап өтеміз,"- делінген хабарламада. 

ПД азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды және кептеліс жағдайларын болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын-ала түзетуді сұрады. 

Бұған дейін

Алматыда Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына келген ресейлік әріптесімен кездескенін хабарлаған едік. 

Серіктес жаңалықтары