×
$
444.3
€
490.91
₽
5.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
444.3
€
490.91
₽
5.41

Алматыда «Гелендваген» тізгіндеген жүргізушілер жазаланды

Бүгін, 11:14
Алматыда «Гелендваген» тізгіндеген жүргізушілер жазаланды
arbatcar.ru

Алматыда жол үстінде қауіпті әрекеттер жасаған Mercedes-Benz G-класты екі көліктің жүргізушісі жауапқа тартылды. Әлеуметтік желіге тараған видеода олардың көліктерін күрт бұрып, өзге жүргізушілерге қауіп төндіргені байқалады. Полиция тәртіп бұзған екі жүргізушіні көп ұзамай анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіде «Гелендваген» жүргізушісілерінің жол ережесін елемей, көліктерімен қауіпті әрекеттер жасаған видеосы тарады.

Полиция мәліметінше, жүргізушілер көліктерін жол үстінде күрт бұрып, өзге адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндірген.

Желіде тараған бейнежазба Алматының әкімшілік полиция қызметкерлерінің назарына іліккен. Тәртіп сақшылары жүргізушілердің кім екенін анықтауға кірісті.

Жолда ойқастағандар алматылықтар анықталды

Полиция жол талғамайтын көліктерді тізгіндегендердің Алматы қаласының 20 және 23 жастағы тұрғындары екенін анықтады.

Екі жүргізуші де жолда қауіпті әрекеттер жасағаны және қауіпсіздік белдігін тағу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жарияланған бейнежазбаға қарағанда, көліктер айыптұраққа да жеткізілген. Алайда полицияның ресми хабарламасында бұл ақпарат расталмаған.

Алматы қалалық Полиция департаменті көлік тізгінінде отырып, осылайша көңіл көтерудің соңы ауыр жол апатына әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Сізге қызық болуы мүмкін