×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Адиев футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

31.05.2024, 10:14
Адиев футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті
Фото: Ашық дереккөзден

Магомед Адиев Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Магомед Адиев Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Ұлттық футбол федерациясының баспасөз қызметі.

- Бас жаттықтырушы Магомед Адиев өз шешімін отбасылық жағдайларға негіздей отырып, қызметінен кетті, - делінген Ұлттық құрама таратқан хабарламада.

Бұған дейін Адиев "Матч ТВ" эфирінде қазіргі уақытта Грозныйдың "Ахмат" командасымен келісімшарт ұзартыла ма деген сұраққа "нақты шешім жоқ" деп жауап берген болатын.

Ресей клубымен 46 жастағы маманның келісімі 1 маусымға дейін есептелген. 

Магомед Мұсайұлы Грозный қаласында дүниеге келген. Әр жылдары Адиев өз клубында өнер көрсетіп, онымен бірге Ресей кубогын жеңіп алғаны жазылады.

Адиев Қазақстан ұлттық құрамасын 2022 жылдың сәуірінен бастап жаттықтырды.