×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

АҚШ пен Германия Украинаға Ресейдегі нысандарға соққы беруге рұқсат етті

31.05.2024, 22:35
АҚШ пен Германия Украинаға Ресейдегі нысандарға соққы беруге рұқсат етті
Фото: REUTERS

Германия үкіметінің ресми өкілі Стеффен Хебестрайт 31 мамырда Берлин Киевке Украинаға жеткізілген неміс қаруын Ресейдегі нысандарға соққы беру үшін пайдалануға рұқсат бергенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Хебестрайттың айтуынша,  соңғы апталарда Украинаға, әсіресе Харьков облысына жасалған шабуылдар Ресей шекарасына тікелей іргелес позициялардан "дайындалды, үйлестірілді және жүзеге асырылды". Осыған байланысты Германия мен оның жақын одақтастары Украинаның халықаралық құқыққа сәйкес осы шабуылдардан қорғануға құқығы бар екеніне сенімді. 

Германия Киевке берілетін әскери көмек көлемі бойынша АҚШ-тан кейін екінші орында. Берлин Украинаға ауыр артиллерия мен зымыран тасығыштарды қоса алғанда, көптеген әскери техниканы жеткізді. Алайда, бұған дейін Германия қақтығыстың өршуінен қорқып, Киевке неміс қаруын ресейлік нысандарға соққы беру үшін пайдалануға рұқсат беруден бас тартқан. 

Сонымен қатар, Вашингтон Украинаға американдық қару-жарақпен Ресей аумағына жасырын түрде соққы беруге рұқсат бергені белгілі болды, бірақ Харьков облысымен шекарада ғана. Бұл Харьковты Ресей әскерлерінің шабуылынан қорғау мақсатында деп түсіндірді олар. 

НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг АҚШ-тың Ресей территориясына соққы беру үшін Украинаға жеткізілген қаруды қолдануға шектеулерді жеңілдету туралы шешімін құптады. Ол "Украинаның өзін-өзі қорғауға құқығы бар және бұл Ресейдегі заңды әскери нысандарға шабуыл жасау құқығын қамтиды" деп атап өтті.