×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Қазақстанның армиясы үлкен жауынгерлік жаттығу өткізеді

01.06.2024, 10:15
Қорғаныс министрлігі

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Қарулы күштер бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы бойынша өткізілетін жаттығуларға байланысты ресми хабарлама таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ресми хабарлама 

Жаңа оқу кезеңінің басталуына орай биылғы жылдың 3-6 маусым аралығында Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жаттығулар өткізілмек. Осыған байланысты жеке құрам жауынгерлік техникамен марш жасау арқылы және теміржол көлігімен еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі полигондарға жеткізіледі.

Әскер қандай тапсырманы орындайды

Полигонарда әскери қызметшілер практикалық оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды. Бөлімдердің белгіленген мерзімде мақсаты бойынша міндеттерді орындау қабілеті мен үйлесімділігі, әскери қызметшілердің оқытылуы, сондай-ақ командирлердің бағынысты және берілген бөлімшелерді басқару дағдылары бағаланады. 

Министрліктің желі қолданушыларына өтініші

Қорғаныс министрлігі осыған байланысты, әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдарды таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды.

Серіктес жаңалықтары