×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға қоқыс байлап, тағы 700-ден астам шар жіберді

02.06.2024, 19:32
Ашық дереккөзден

Yonhap Оңтүстік Кореяда шамамен 720 шар табылғанын хабарлайды. Ақпаратты елдің Біріккен штаб бастықтары (JCS) растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Шамамен 20-50 шар сағатына әуе арқылы қозғалады және Сеулде, Кенгидо, Солтүстік Чунчхон және Солтүстік Кенсан провинцияларында түсті", — деді JCS өкілі.

Әскерилер қоқыстарды жинау үшін топтардың шарларын құлаған жерлерге жіберді. Шардың құрамында улы химикаттар болуы мүмкін болғандықтан, оларды атып құлатпады.

Оңтүстің Корея билігі бұған дейін халыққа қоқыс байланған шарлардан аулақ жүруге шақырған еді.

Серіктес жаңалықтары