×
452.92
484.99
5.12
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
452.92
484.99
5.12

Бос орын: «Balapan-ды неге тек әйелдер басқарған»

Коллаж: Ulysmedia.kz

Еліміздегі балаларға арналған жалғыз телеарна – Balapan-ды осы уақытқа дейін бірнеше маман басқарды. Бір қызығы, олардың бәрі де әйелдер екен. Осы орайда белгілі тележурналист Данияр Есен өзінің facebook-парақшасында телеарна басшылығына өзін ұсынып жатыр, деп жазады Ulysmedia.kz.

«Бала жүрген жердің бәрінде – әйел»

Ол өз жазбасы арқылы «ер азаматтардың бала тәрбиесіне қатысы жоқ па» деген сауалды ортаға тастайды.

«Балапан» арнасын осы уақытқа дейін тек хатун-қызлар басқарыпты: Жанар Шәмел, Ләйла Сұлтанқызы, Мақпал Жұмабай, Қымбат Досжан, Индира Тұрсынбай. Әрине, әрқайсысының өз орны бар.

Бірақ неге еліміздегі жалғыз балалар арнасын тек әйелдер басқарған? Сонда ер азаматтардың бала тәрбиесіне қатысы жоқ па? Онсыз да білім саласында - әйелдер, бала жүрген жердің бәрінде - әйел.

Бала тәрбиесіне жауапты болып, отбасын сүттей ұйытып отырған қаншама Әке, еркек бар.

Бала тәрбиесіне тек әйел ғана емес, Әке де жауапты, - дейді Данияр Есен.

Осы орайда тележурналист «нағыз тау қопаратын жаста» екенін, Balapan телеарнасын басқаруға білімі мен қабілеті жететінін айтты.

«Баланың тілін мен сияқты түсінетін әке аз»

Балалар мен жасөспірімдер тақырыбында жазып жүргеніме жеті жылдан асты. Бұл туралы Инстаграмдағы оқырмандарым жақсы біледі. Тіпті, біреулер маған «Қазақтың Шалва Аманашвилиі» деп ат қойып алыпты.

Мақтанғаным емес, бала тәрбиесіне атсалысып жүрген аз ғана Әкенің бірімін. «Әкелер одағы» төрағасының орынбасары болдым. Баланың тілін мен сияқты түсінетін Әке аз.

«Балапан» телеарнасын басқаруға менің қабілетім де, білімім де жетеді.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясына бөтен емеспін. 20 жылым осы корпорацияда өтті.

Осы уақытқа дейін басшылық қызметтерге менің кандидатурам қаралғанда, «Даниярдың мінезі жұмсақ» деп айтады екен. Мәселе жұмсақтықта емес, біліктілікте деп білемін. Оның үстіне, агрессия қаптаған біздің қоғамда жетіспей тұрғаны - сол гуманизм мен кәсібилік емес пе?

Идея көп. Нағыз тау қопаратын жастамын. Керемет контент ұсынар едім, - деді Д. Есен.

«Қайда бара жатқанымды айтпаймын»

Еске салсақ, Balapan телеарнасының басшысы Индира Тұрсынбай әлеуметтік желідегі парақшасында телеарна директоры қызметінен кетіп жатқанын жазған еді. 

Balapan телеарнасындағы жұмыстан кетіп барамын. Бір жылдан аса адал еңбек етуге тырыстым. «Balapan» жай телеарна емес, одан да кең ұғым. Ұлт болашағы - ұрпақ тәрбиесіне жауап беретін институттардың бірі. Осындай ұлы миссияны арқалаған телеарнада еңбек еткенім үшін бақыттымын. Анаған алғыс айтамын, үйтемін-бүйтемін деп шаблонный әңгіме жазбай-ақ қояйын. Өздеріне айттым. Төрайым мықты кісі, ұжым да тамаша, балалар арнасы мәңгі жүрегімде.

PS: Ол жерге кім келетінін білмеймін, қайда бара жатқанымды айтпаймын, – деді ол.

Айта кетейік, балаларға арналған Balapan телеарнасы Qazaqstan телерадио корпорациясының құрамына кіреді. Ұжымды 2019 жылдан бері Ләззат Таныспай басқарып отыр. 

Серіктес жаңалықтары