×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Жетісу» ФК директоры қамалды: істің мән-жайы айтылды

03.06.2024, 18:50
«Жетісу» ФК директоры қамалды: істің мән-жайы айтылды
Фото: Ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, "Жетісу" футбол клубының директоры Қалмұхамет Донсебаев ұрлық жасады деген күдікпен қамауға алынған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметт "Жетісу" футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаевтың ұсталы жайлы түсініктеме бері

Толығырақ

Оған бюджеттің 85,4 млн теңге көлемінде қаражатын ұрлады деген айып тағылған. Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті бұл ақшаны 2022-2023 жылдары ұрлаған. Сома оқу-жаттығу жиындарына бөлінген.

– Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қылмыстық әрекеттің басқа эпизодтары тексеріледі. Тергеу жалғасып жатыр, - деп хабарлады антикор.

Тараған ақпарат расталды

Бұған дейін "Жетісу" футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаевтың қамауға алынғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Ақпаратты Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі растады. Онда тергеу органдарының 2 ай мерзімге Дөңсебаевқа қатысты қамауда ұстауға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырғанын хабарланды.

Ол жайлы не белгілі

Қалмұхамет Донсебаев Үштөбеде дүниеге келген. 66 жаста. Ұшақтың екінші ұшқышы және командирі болып жұмыс істеген. 30 жылға жуық "Жетісу "авиакомпаниясы"АҚ президенті қызметін атқарды. Клуб директоры болып 2022 жылдың қаңтарында тағайындалды.