×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Черчесовтың Қазақстан құрамасындағы жалақысы белгілі болды

03.06.2024, 21:10
Черчесовтың Қазақстан құрамасындағы жалақысы белгілі болды
Ашық дереккөзден

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалған Станислав Черчесовтың жалақысы белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Күніне 1.6 млн теңге

Алдымен футбол инсайдерлері  Ұлттық құрама тізгінінде болған үшін Черчесов жылына орта есеппен  581.7 млн теңге алады.Бұл шамамен күніне 1.6 млн теңге деген ақпарат жариялаған. 

Алайда Қазақстанның футбол федерациясы бұл ақпараттардың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. 

“Маманның жалақысы келісім-шарттағы құпиялыққа байланысты жария етілмейді,”- деп хабарлады ҚФФ.

Сондай-ақ бас бапкердің жалақысы бюджет қаражатынан төленбейді деп тоқталып өтті.  

Бұған дейін

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып Станислав Черчесов тағайындалған еді. 

Черчесов кім?

Ресейлік футбол жаттықтырушысы, футболшы, КСРО және Ресей құрамаларының қақпашысы Станислав Саламович Черчесов 1963 жылы 2 қыркүйекте Солтүстік Осетия Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының Алагир қаласында (қазіргі Солтүстік Осетия-Алания Республикасы) дүниеге келген.

2016 жылдың 11 тамызында Станислав Черчесов Ресей құрамасының бас бапкері болып тағайындалды.

Оның жетекшілігімен ресейлік футболшылар өз жеріндегі әлем чемпионатының ширек финалына дейін жетті (2018), бірақ 2021 жылы Ресей құрамасы Еуропа чемпионатында плей-офф кезеңіне өте алмады, В тобында соңғы орын алды. Команда Финляндия құрамасын жеңді (1: 0) және бельгиялықтардан (0:3) және даттардан (1:4) ұтылды.

2021 жылдың 8 шілдесінде Станислав Черчесовтың футболдан Ресей құрамасының бас бапкері қызметінен кеткені белгілі болды.

«Керек емес»

Еске салсақ, танымал шоу-мен, әзілкеш Нұрлан Қоянбаев Станислав Черчесовтің Қазақстан футболын басқаруына қарсы шыққан болатын. 

Танымал комик Ресей құрамасының бұрынғы жаттықтырушысын футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына бас бапкер етіп тағайындауды дұрыс шешім деп санамайды, бірақ оның немен байланысты екенін түсіндірмеді.