×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Неліктен азаматтар банкроттыққа қызықпайтын болды

04.06.2024, 21:55
Неліктен азаматтар банкроттыққа қызықпайтын болды
Коллаж Ulysmedia

ForteBank басқарма төрағасы Бекжан Пірматов банкроттық туралы заң азаматтарға қандай тосқауылдар болатындығын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Былтыр 1 қаңтарға дейін 80 мың адам өзін банкрот деп жариялау туралы өтініш жазған. Соның тек 9 мыңына рұқсат берілген. 

“Мұндай заң Ресейде бұрынырақ қабылданды. Бірақ оларда да миллиондап банкрот болып жатқандар жоқ. Себебі заңда банкрот деп жариялаудың бірнеше талабы бар. Біріншіден, 12 ай ішінде несие төлейтін мүмкіндігіңіз болмауы керек. Екіншіден, сізде ешқандай мүлік болмауы тиіс,”- деп түсіндірді Бекжан Пірматов. 

Алайда банкрот болып жарияланған соң іс бітті деуге келмейді.Одан кейін азаматты органдар  үш жыл қадағалап отырады. Мүлік сатып алған алмағанын, шет елге шықпауын, бірнеше жыл несие алмауын тағысын тағы дегендей. 

“Заң шыққанда көбісі: "несиемді төлемей, банкрот бола салам, сосын қайта несие алам" деп ойлады. Меніңше, заң шыққаннан кейін біраз адам барды, оларға түсіндірді, қандай тосқауылдар болатынын айтты. Содан кейін адамдар "банкроттыққа" қызықпайтын болды,” – дейді ForteBank  төрағасы.

Тек қана ForteBank -тің өзіне 2500-дей адам осындай өтінішпен жүгінген. Оның 12%-ның өтініші қанағаттандырылған.

Бұған дейін

ForteBank басқарма төрағасы Бекжан Пірматов Ресейге қарсы санкциялар көрші болғандықтан қазақстандық банктердің жұмысына белгілі бір дәрежеде әсер еткенін айтқан еді. 

ForteBank басқарма төрағасы  Бекжан Пірматовтың Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Берікқызына берген сұхбатының толық нұсқасы.