×
450.79
482.21
5.05
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
450.79
482.21
5.05

«АЛАШ аманаты». Қоғамдық лекцияда тарихи тұлғалар туралы қызықты әңгіме болды

05.06.2024, 11:41
Фото: дереккөз

SANA FOUNDATION ұйымдастыруымен «АЛАШ аманаты» атты кезекті қоғамдық лекция өтті. Іс-шара саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Кездесу бұрын-соңды ұйымдастырылмаған форматта, Алаш зиялылары туралы қызықты тарихи оқиғалар, оларға байланысты соңғы зерттеулер мен Алаш Орда меценаттары және тағы да басқа өзекті тақырыптар қамтыды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жалпы саны 240 адамды қамтыған шара көрерменнің көңілінен шығып, 4 сағаттан аса жалғасты. Айта кетерлігі, кешке Ахмет Байтұрсынұлының ұрпағы Амандық Шаймерден мырза да келіп, өзінің үлкен бағасын берді.

Ашық алаңда халықпен кездесуге театр және кино актері - Байғали Есеналиев, алаштанушы, «Қыр баласы» Қоғамдық Қорының негізін қалаушы  - Елдос Тоқтарбай, «Міржақып. Оян қазақ», «Ахмет. Ұлт ұстазы» фильмінің продюсері, режисері - Айсауле Әбілда, Мұрат Есжан сынды қоғам қайраткерлері спикер болды.

«Ахмет. Ұлт ұстазы» фильмінде басты рөлді сомдаған Байғали Есеналиев актер үшін әрбір рөлді сомдауда, сол бір рөл иесіндей тыныстау керегін айтып, түсірілім барысындағы есте қаларлық сәттермен бөлісті. Ұлттық кодты құратын ұлттық идеология екенін айта отырып, фильмнен Ахмет ұлт ұстазының сөзін келтірді:

Адамның идеясы болу керек. Сол идея тірі болса, адамның да өлмегені. Міне, мазмұн! Ұлттық идея деген осы! - деді.

Сондай-ақ қазір қоғамға Абайды зерттегендей Мұхтарлар керегін айтты. Сол кезде Алаш аманаты қайта қолданысқа енетін болады.

Продюсер Айсауле Әбілда әлем инфраструктурасы мен Джек Лондон сынды әдебиеті өкілдерімен Алаш қозғалысын қатар салыстыра жасаған зерттеуімен бөлісті. Бір тұлғаның бүгін жасаған жақсылығы - ертеңгі ұрпақтың қатардан қалмай өмір сүруіне себеп. Оны тең емес және салыстыруға келмейтін жағдайлар негізінде жасалған жұмыстарын құнсыздандыруға болмайды. Бұнымен күресудің жалғыз жолы - өз ұлтыңның зиялыларын толық тану, олардың ерліктерін түсіну және келер ұрпаққа дәріптеу.

«Алаш элитасы: ұлттық интеллигенция, меценаттық корпус» турасында сөз сөйлеген белгілі алаштанушы Елдос Тоқтарбай қазақтың ұлт зиялылары - нағыз элита екенін атап өте келе, сол ұлт зиялыларының барлық жағдайын жасап берген сол заманның байларының меценаттық корпусының мықтылығын тілге тиек етті.

Меценаттық корпус сол кездің өзінде филантроптық деңгейге жетіп, қазақ байларының ел болашағы жолында жүрген азаматтарды қолдауының маңыздылығын көрсетті. Алаштанушы, өз кезегінде, ұлттық – әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландырған байлар сынды бүгіндегі кәсіпкерлердің де үлкен маңызы барын басып айтты.

Қоғам үшін бүгінде ұлттық рухты ояту бәрінен маңызды әрі биік екенін айта отырып, осы мақсатта ұлт зиялыларының ерен еңбектерін оқуды тоқтатпау керек. Әр істе өз салаңның мықты маманы болуға шақырған Елдос Тоқтарбай ұлт көсемдерін мақтан тұтып, олардың айтылмай жатқан барлық қырларын толық ашып, жастарға өнеге-өсиет қылуға шақырды.

Сонымен қатар іс-шара демеушілері қатарында отандық кеңсе өнімдерін өндіруші Olja Peak компаниясы, «Ахмет Байтұрсынов. Соңғы үкім» фильмінің атқарушы тобы «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» Kazakh Cinema болды.

Еске салсақ, іс-шара ұйымдастырушысы SANA FOUNDATION –  қазақ кәсіпкерлігі мен ғылымын трендке айналдыру жолында жұмыс істеп жатқан қоғамдық қор. Қор кәсіпкерлік сананы қалыптастырып, білім – орта – өзгеріс құндылықтарын басшылыққа алады. Ортақ алаң бола отырып, SANA FOUNDATION ағартушылық жолында бірқатар жұмыс атқарып жатыр.

Серіктес жаңалықтары