×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жаңа уақыт белдеуіне қарсы петицияға 50 мың адам қол қойса не болады

05.06.2024, 15:01
Жаңа уақыт белдеуіне қарсы петицияға 50 мың адам қол қойса не болады
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұл сұрақты журналистер Мәжіліс кулуарында журналистер вице-премьер Серік Жұманғаринге қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Вице-премьер Серік Жұманғариннен Қазақстандағы бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петиция 50 мың дауыс жинаған кезде не болатыны жөнінде сұралды.

Жауап

– Петиция 50 мың дауыс жинаған кезде арнайы жұмыс тобын жинап, белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен сарапшыларды тарта отырып, қарастырамыз. Мен қазір болжамдар жайлы айтқым келмейді. Ол 50 мың дауыс жинай ма – күтейік, - деді ол. Осы уақытта бұл петиция 46 мыңға жуық дауыс жинап қойған.

Жаңа уақыт белдеуі

Қазақстан бүгіннен бастап жаңа уақыт белдеуіне көшіп, бүкіл елде уақыт теңестірілді. 

Үкімет басшысы таяуда Қазақстан аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы қаулыға қол қойған еді. 

Құжатқа сәйкес, елде Қазақстанда уақытты есептеу сағат белдеулерінің халықаралық жүйесі бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5-ші сағаттық белдеу қолданылады. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат артқа ауыстырады.

19 қаңтарда үкімет Қазақстанның барлық аумағында UTC+5 уақыт белдеуін енгізу туралы қаулыны бекіткен еді.

Еске салайық, кеше бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы петиция жарияланған сайт істемей қалғанын жазған болатынбыз.