×
474.83
515.38
5.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.83
515.38
5.5

Мемлекетке қайтарылды: Храпунов жедел жәрдем кешенін жекеге беріп жіберген

05.06.2024, 17:54
Коллаж: Ulysmedia.kz

Алматыда жекенің қолына өтіп кеткен жедел жәрдем кешені мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Прокуратура не деді

Қалалық прокуратура нысанның жалпы құны 3 млрд теңге екенін мәлім етті.

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының былтыр қараша айындағы шешімімен, қала прокурорының мемлекеттік мүлікті жеке меншікке беру жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы талап-арызы қанағаттандырылып, сот шешімі заңды күшіне енді, - деп атап өтті прокуратурадан.

Ауданы 3974 шаршы метр және 50 сотық жері бар бұл кешенді Алматы қаласының бұрынғы әкімі В. Храпунов жеке құрылымдарға заңсыз берген.

Қазіргі уақытта жылжымайтын мүлік, қала әкімінің қаулысымен жедел медициналық жәрдем қызметінің балансына берілді, қосымша қосалқы станция ашу жоспарда бар.

Виктор Храпунов

Храпунов 1997-2004 жылдар аралығында Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған. Кейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. 2007 жылы «Алматы қаласының су қорғау аумақтарында жер телімдерін заңсыз беруге байланысты» деген айыппен осы қызметтен босатылғаннан кейін ол қысқа мерзімге Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы қызметін атқарды. 2007 жылы Храпунов отбасымен шетелге көшіп кетті. Кейіннен ол өз елінде адам құқықтарының бұзылуы туралы хабарлай бастады. 2013 жылы ол Францияда Нұрсұлтан Назарбаевтың диктатурасы туралы «Мен айыптаймын!» кітабын шығарды.

2018 жылы Алматы соты Виктор Храпунов пен оның әйелі Лейла Храпунованы «қылмыстық топ құру» және «пара алды» деген айыппен 17 және 14 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған.

2021 жылы Храпуновтар Швейцариядан саяси баспана алды.

Бұған дейін Америка Құрама Штаттары Global Financial Integrity аналитикалық орталығы FACT Коалициясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы деректер ұжымымен бірлесе отырып дайындаған есепті жариялаған болатын. Құжатқа сәйкес, Алматының экс-әкімінің Нью-Йорк пен Огайо штатында құны 35 миллион доллар тұратын жылжымайтын мүлікке кіретін сауда орталығы, психиатриялық мекеме және бизнес орталығы бар.

Серіктес жаңалықтары