×
472.57
508.34
5.4
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
472.57
508.34
5.4

«Қазақстанға жанкүйермін»: Черчесов неліктен бапкерлікке келіскенін айтты

05.06.2024, 21:30
Ашық дереккөзден

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері Станислав Черчесов не себепті құрамаға келгенін Vesti.kz ютуб арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Черчесов басында бұндай шақыртуды күтпегенін айтады. 

"Күтпеген шақыру Магомедтің күтпеген шешімінен кейін келді. Ол бар зейінін "Ахматқа" салғысы келді ғой. Әділет Назарбайұлы Бәрменқұловтың айналасындағылар менімен байланысып,менің қызығушылым туралы сұрады. Мені бақылап жүретіндер біледі. Мені бір кездері шет елде жұмыс істегісі келмейтін маман деп айтқан. Бірақ мен орыстілді ортада жұмыс істегім келеді деген едім,”- дейді ол. 

Кейін көп ойланбастан ол Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтыруға келісім берген. 

“Мен Магомедті бұрыннан білемін, Қазақстанды бақылап, Қазақстанды қолдадым, өйткені менің жерлесім жұмыс істеді - шамамен. Көп ұзамай Әділет Назарбайұлы өзі хабарласты. Ұлттық құраманың жаттықтырушысы-бұл мемлекеттік лауазым, шамасы, қандай да бір келісімдер болған секілді. Жалпы, келіссөздер тез, сауатты, кәсіби және нақты болды, маған бұл ұнайды", - деді Черчесов Vesti.kz ютуб арнасына берген сұхбатында,”- деді Черчесов.

Бұған дейін

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып Станислав Черчесов тағайындалған еді. 

Черчесов кім?

Ресейлік футбол жаттықтырушысы, футболшы, КСРО және Ресей құрамаларының қақпашысы Станислав Саламович Черчесов 1963 жылы 2 қыркүйекте Солтүстік Осетия Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының Алагир қаласында (қазіргі Солтүстік Осетия-Алания Республикасы) дүниеге келген.

2016 жылдың 11 тамызында Станислав Черчесов Ресей құрамасының бас бапкері болып тағайындалды.

Оның жетекшілігімен ресейлік футболшылар өз жеріндегі әлем чемпионатының ширек финалына дейін жетті (2018), бірақ 2021 жылы Ресей құрамасы Еуропа чемпионатында плей-офф кезеңіне өте алмады, В тобында соңғы орын алды. Команда Финляндия құрамасын жеңді (1: 0) және бельгиялықтардан (0:3) және даттардан (1:4) ұтылды.

2021 жылдың 8 шілдесінде Станислав Черчесовтың футболдан Ресей құрамасының бас бапкері қызметінен кеткені белгілі болды.

«Керек емес»

Еске салсақ, танымал шоу-мен, әзілкеш Нұрлан Қоянбаев Станислав Черчесовтің Қазақстан футболын басқаруына қарсы шыққан болатын. 

Ал ҚФФ Черчесовтың жалақысы жария етілмейтінін мәлімдеген. 

Серіктес жаңалықтары