×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Кешіремін»: Қастандыққа ұшыраған Словакия премьер-министрі мәлімдеме жасады

05.06.2024, 23:05
«Кешіремін»: Қастандыққа ұшыраған Словакия премьер-министрі мәлімдеме жасады
Ашық дереккөзден

Өткен айда қастандыққа ұшырап, оқ тиген Словакия премьер-министрі  Роберт Фицо мәлімдеме жасап, өзін атқан адамды кешіретінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Айта кетейік, бұл Фицоның өзіне жасалған қастандықтан кейін алғаш рет көпшілік алдына шығуы. Бірақ әзірге желіде ғана. Ол бейнеүндеуін өзінің фейсбук парақшасында жариялады. 

"Менің алғашқы қадамымды жасайтын кез келді. Бұл кешірім. Мені атқан адамды жек көрмеймін. Мен оған қатысты ешқандай заңды әрекет жасамаймын, сонымен қатар залалдың орнын толтыруды талап етпеймін. Мен оны кешіремін", – деді Словакия премьер-министрі.  

Оның пікірінше, оған шабуыл жасаған Юрай Цинтула сәтсіздікке ұшыраған оппазицияның елшісі ғана.  

Бұған дейін

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға белгісіз біреу оқ атқан. Фицоны үкіметтің көшпелі отырысынан кейін өлтірмек болған еді.

Журналистердің айтуынша, Словакия министрлер кабинетінің отырысынан кейін премьер-министр көпшілік алдына шыққан кезде оған оқ атылған. Премьер-министрді ауруханаға алып кеткен. Шабуылдаған адам ұсталды

Кейін Словакиялық БАҚ  қастандық жасаған 71 жастағы жазушы Юрай Цинтула екенін жазған. Бұған дейін ол әлеуметтік желі арқылы Фицоны ұнатпайтынын ашық айтып жүрген.