×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Өміріне қауіп төніп тұр: Қастандық жасалған Словакия премьер-министрінің жағдайы белгілі болды

15.05.2024, 21:40

Standard.sk ақпараттық порталының мәліметінше ауыр жараланған Словакия премьер-министрі Роберт Фицоның өміріне қауіп төніп тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақпаратты Словакия Үкіметінің аппараты да растаған.  

Премьер-Министр тікұшақпен Банска-Бистрицтегі ауруханасына жеткізіп, шұғыл отаға кіріскен. 

Фицо іш аймағына екі рет, ал иығына бір рет оқ жарақатын алған. Бір оқ іштен жамбас сүйегіне өтіп кеткен.

Словакиялық БАҚ  қастандық жасаған 71 жастағы жазушы Юрай Цинтула екенін жазып жатыр. Бұған дейін ол әлеуметтік желі арқылы Фицоны ұнатпайтынын ашық айтып жүрген. 

Бұған дейін

Словакия премьер-министрі Фицоны үкіметтің көшпелі отырысынан кейін өлтірмек болғанын хабарлаған едік. 

Журналистердің айтуынша, Словакия министрлер кабинетінің отырысынан кейін премьер-министр көпшілік алдына шыққан кезде оған оқ атылған.

Куәгерлердің айтуынша, олар кем дегенде үш оқ естіген. Атыстан кейін күзетшілер Фитзоны жерден көтеріп, көлікке салып алып кеткен.

 

Серіктес жаңалықтары