Көлік министрлігінің мәліметінше, платформалардың серіктес-жүргізушілері үшін онлайн және офлайн форматта тренингтер өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Не болды
Көлік министрлігі жылдамдықты жиі бұзатын inDrive және Yandex Go жүргізушілері тапсырыстарды орындаудан шеттетілуі мүмкін екенін хабарлады. Бұл шаралар inDrive және Yandex Go компанияларымен жасалған меморандумда қарастырылған.
Толығырақ
Осылайша, пайдаланушылардың пікірлері мен рейтингтеріне сүйене отырып, жылдамдықты жиі бұзатын жүргізушілер енді тапсырыс алудан уақытша немесе біржола шеттетілуі мүмкін. Сондай-ақ такси жүргізушілеріне көліктің техникалық жай-күйін тексеру және қауіпсіздік белдіктерін пайдалану қажеттігі туралы хабарлама келеді, - делінген хабарламада.
Тағы да не
Меморандум мобильді қосымша операторларының такси тасымалдаушыларының автомобиль көлігі саласындағы заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бойынша шараларды кезең-кезеңімен қабылдауды көздейді.
Платформа жүргізушілері үшін жол қозғалысы ережелерін, жолаушылармен қарым-қатынас ережелерін және қалааралық тас жолдарда қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша онлайн және офлайн форматта тренингтер өткізу жоспарлануда. Айтпақшы, меморандумды әзірлеудегі басты мақсат – республикалық және жергілікті маңызы бар қалааралық автомобиль жолдарында, сондай-ақ қалаішілік жолдарда пайдаланушылардың қауіпсіздігін арттыру, - деп түсіндірді министрлік.
Сонымен қатар компаниялар биыл ерекше қажеттіліктері бар пайдаланушылардың жеке қажеттіліктері мен балалар орындығы қажеттілігі туралы хабарлауға мүмкіндік болатынына сендірді.