×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда зейнетақы мөлшері өседі

Қазақстанда зейнетақы мөлшері өседі
Коллаж: Ulysmedia.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізде базалық зейнетақы мөлшерін ұлғайтуды жоспарлап отырғандарын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақының мөлшерін 54-тен ұлғайту жоспарлануда. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ең жоғарысы - 100-ден 120 пайызға дейін өседі.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық 3 жарым жылдың жалақысын бір-ақ күнде алған

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65 %-ын немесе 28 215 теңгені, ал ең жоғарғысы - ең төменгі күнкөріс деңгейінің 105 %-ын немесе 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 45 578 теңгені құрады. Ең жоғары табыс 46-дан 55 АЕК-ке дейін ұлғайтылды (2024 жылы 203 060 теңге)

Ұсынылып отырған шаралар зейнетақыдағы мемлекеттік төлемдердің үлесін ұлғайтуға және оның мөлшерін 2025 жылға қарай орта есеппен 27 %-ға арттыруға мүмкіндік береді, – деп хабарлады ведомстводан.

Қазақстандағы ең бай зейнеткер қанша зейнетақы алады?

Еске салсақ, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және төлеу ережесін әзірлеген болатын. 

Сондай-ақ елімізде зейнетақыға салынатын салық алынып тасталатыны белгілі болған еді.