×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

TikTok бұғаттау мәселесі күн тәртібінде жоқ – ақпарат вице-министрі

06.06.2024, 12:40
Коллаж: ulysmedia.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда Қазақстанда TikTok-ты бұғаттау мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz тілшісі Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақовтан Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қандай әлеуметтік желілер қауіп төндіретіні және олар қалай шектелетінін сұраған.

Жауап

– TikTok-қа қатысты мәселені нақтылайық. Шынында да, министрлік тарапынан бүгін де бұғаттау мәселесі жоқ. Бірақ кез-келген жағдайда, заңға сәйкес, қолжетімділікті шектеуге байланысты шаралар қарастырылған. Ұлттық қауіпсіздік мәселесіне байланысты заңдарды ашып қарауды ұсынамыз. Онда бәрі анық әрі түсінікті. Аумақтық тұтастықты бұзу, қоғамға төнетін қатерлер, әлеуметтік қатерлер және ұлттық қауіпсіздік құзыретіне жататын өзге де мәселелер айтылады ол жерде, - дейді Ысқақов.

Сондай-ақ, одан Telegram мессенджерінде есірткі еркін сатылып жатқанда TikTok неге көп аталады деп сұралды.

– Бізге реттеуге еш кедергі жоқ. TikTok-пен жұмыс істейміз. Оны бұғаттау жөнінде күн тәртібінде мәселе тұрған жоқ. Нақтылайықшы, заң бұзылатын кездерге келетін болсақ, біз оны нақты айттық. Балалар контентіндегі олқылықтар, қорлауға және жала жабуға байланысты мәселелер туындаса, әлбетте... Біз барлық онлайн платформа әкімшілерімен жұмыс істейміз, - деді шенеунік.

Балаева не деді

Еске салсақ, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазір түрлі әлеуметтік желілерді, ең алдымен, TikTok-ты бұғаттау мәселесі қарастырылып жатқанын айтқан еді.

Оның сөзінше, аталған желідегі материалдарда құқықбұзушылық фактілері көбейіп кеткен.

– Оның бәрі ұлттық қауіпсіздікке ықпал етсе, әлбетте, оны осындай шаралар қабылданады, - деді ол.

Іле-шала Қазақстандағы TikTok өкілі Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның елдегі сервисті бұғаттау мүмкіндігі туралы айтқан сөзіне түсініктеме берген.

Біз Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің еліміздегі TikTok-ты бұғаттау мүмкіндігін қарастырып жатқанына таңғалдық, өйткені министрлік Қазақстандағы «Наурыз» онлайн-фестивалі және қысқа бейнефильмдердің шығармашылық байқауы сияқты көптеген бастамамызды белсенді қолдайды. Өткен жұмада Мәдениет министрлігінің өкілі іс-шарада сөз сөйлеп, мәдениетті және басқа да пайдалы мазмұнды ілгерілетуге көмектесетін TikTok-ты мақтады, - делінген ҚР TikTok өкілінің түсініктемесінде.

TikTok өкілі елдегі миллиондаған адам күн сайын TikTok-ты шығармашылықпен бөлісу, тәжірибелерін байыту және өмір сүру үшін пайдаланатынын айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары