×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

«Қазақстанның министрлігі мақтап еді ғой!?»: TikTok мәлімдеме жасады

Коллаж: Ulysmedia

TikTok өкілі министрлік бұған дейін әлеуметтік желінің барлық бастамаларын қолдағанын және тіпті өткен аптада платформаны мақтағанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Не болды

Қазақстандағы TikTok өкілі Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның елдегі сервисті бұғаттау мүмкіндігі туралы айтқан сөзіне түсініктеме берді.

Министрлік TikTok-ты қолдаған

Біз Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің еліміздегі TikTok-ты бұғаттау мүмкіндігін қарастырып жатқанына таңғалдық, өйткені министрлік Қазақстандағы «Наурыз» онлайн-фестивалі және қысқа бейнефильмдердің шығармашылық байқауы сияқты көптеген бастамамызды белсенді қолдайды. Өткен жұмада Мәдениет министрлігінің өкілі іс-шарада сөз сөйлеп, мәдениетті және басқа да пайдалы мазмұнды ілгерілетуге көмектесетін TikTok-ты мақтады, - делінген ҚР TikTok өкілінің түсініктемесінде.

Министрдің мәлімдемесі орынсыз

Сондай-ақ ол платформа пайдаланушыларының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ететіндерін айтты.

Қауіпсіздікке, әсіресе, жас пайдаланушыларға келетін болсақ, бұл TikTok-тың негізгі басымдығы және біз оған көп күш жұмсаймыз, соның ішінде қауымдастық ережелерін бұзатындарды жаппай жоямыз. 2023 жылы біз ереженінің бұзылу себебінен Қазақстанда төрт миллионнан астам бейнероликті өшірдік. Біз Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ІІМ-ні қоса алғанда, Қазақстанның мүдделі билік органдарымен тікелей жұмыс істейміз. Баса айта кету керек, соңғы айларда біз кәмелетке толмаған пайдаланушылардың қауіпсіздігіне қатысты контентті жою туралы сұраныстарды алған жоқпыз, сондай-ақ ынтымақтастықтың үлкен тарихын ескере отырып, министрдің мәлімдемесі орынсыз болып көрінеді. Елдегі миллиондаған адам күн сайын TikTok-ты шығармашылықпен бөлісу, тәжірибелерін байыту және өмір сүру үшін пайдаланады және біздің жергілікті қауымдастық біздің платформамызды пайдалануды жалғастырады деп үміттенеміз, ал біз пайдаланушыларымыздың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етеміз, – деді TikTok өкілі.

Балаева бүй деген

Еске салсақ, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазір түрлі әлеуметтік желілерді, ең алдымен, TikTok-ты бұғаттау мәселесі қарастырылып жатқанын айтқан еді.

Оның сөзінше, аталған желідегі материалдарда құқықбұзушылық фактілері көбейіп кеткен.

Оның бәрі ұлттық қауіпсіздікке ықпал етсе, әлбетте, оны осындай шаралар қабылданады, - деді ол.

Серіктес жаңалықтары