×
475.18
510.72
5.47
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.18
510.72
5.47

Жоғарғы сот Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан Айкөркемнің өліміне қатысты істі қарады

06.06.2024, 15:15
Коллаж: Ulysmedia.kz

Жоғарғы сот Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан Айкөркемнің ісі бойынша 7 жылға сотталған әскери қызметкер Арман Жұманның ісі бойынша шешім шығарды. Атап айтқанда, Жұманды 7 жылға соттаған Әскери соттың үкімінің күші жойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Жоғарғы сот не деді

Жұманға қатысты қылмыстық іс құпия түрде қаралды. Кассациялық қадағалаудың қорытындысы бойынша төменгі тұрған органдардың сот актілерінің күші жойылды, іс апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберілді, – деп мәлімдеді Жоғарғы сот.

Оқиға неден басталды

Естеріңізге сала кетейік, қыз бала 2022 жылдың 7 қаңтарында Алматының орталығында қаза тапты. Мелдехан әулетінің балалары - 18 жастағы Бауыржан, Жанель, Айкөркем және ағасы Бекислам көлікпен келе жатқанда оқ атылған. Сот бұған кінәлі 27 жастағы әскери қызметкер Арман Жұман деп танып, оны соттады. Арманның туыстары Ulysmedia, kz редакциясына хабарласып, оның кінәсі дәлелденбегенін айтты.

Соттар

Алғашында Айкөркем Мелдеханның ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тергелді. Бірақ тергеу 7 қаңтарда көлікке кімнің оқ атқанын анықтай алмағандықтан, қылмыстық бап қайта сараланды. Арман Жұман қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды. Ол көлікке оқ атуға бұйрық берген-мыс. Алайда оның бұйрықты кімге бергені анықталмады. Қол астындағылар мұндай бұйрық болмағанын алға тартады. Қызға кімнің оғы тигені жұмбақ күйінде қалды.

Алғашында сот Арман Жұманды ақтады. Алайда кейіннен үкім өзгертіліп, ол кінәлі деп танылды. Жәбірленуші тарап апелляциялық шағым түсірді. Ақтау үкімінің күшін жоюға сол күні болған оқиғаны көрді деген куәгердің сөзі әсер етті.

– Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы куә мен жәбірленушінің айғақтары бір-біріне сәйкес келеді деп есептеді. Сондай-ақ олар тергеу эксперименті мен оқиға орнындағы айғақтарды нақтылау екеуінің де бір нәрсені айтқанына дәлел деп көрсеткеніне сілтеме жасады, деп түсіндірді адвокат Оксана Мұсохранова.

Сотталушының қорғаушысы үкіммен келіспей, ары қарай шағымдануға шешім қабылдады. Жәбірленуші тарап та қайта қарауды талап етіп, істі ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша қайта саралауды талап етті.

Жұманның нұсқасы

Жұман қазір астаналық тергеу изоляторында отыр, ол біздің сауалдарымызға жауап беріп, сол қаралы кеште не болғанын түсіндіруге келісті.

Оның тікелей бастығы 26363 бөлімшенің командирі подполковник Дәурен Оразов болған.

– Инструкциядан өткізу барысында Д.Оразов өмірге, денсаулыққа қауіп төнген жағдайда немесе көлік жүргізушілері тоқтау талаптарын орындамаған жағдайда ғана оқ атуға болатынын түсіндірді. Аталған жағдайларда аспанға оқ ату арқылы ескерту жасауымыз керек, - деп түсіндірді Арман.

Айтуынша, оның қарамағында алты әскери қызметкер болған, бірақ ол оларға Мелдехан отбасы мінген көлікке оқ атуға бұйрық бермеген.

Оқи отырыңыз: Айкөркем Мелдехан ісі: Жұманның қорғаушылары баланың өліміне кінәсіз адам қамалып отыр деп есептейді

Серіктес жаңалықтары