×
451.77
485.97
5.07
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
451.77
485.97
5.07

Қаржы министрі еліміздегі блогерлердің кіріс-шығысын есептеп берді

06.06.2024, 17:07
Фото: pixabay.com

Қаржы министрі Мәди Тәкиев еліміздегі блогерлердің кірісі мен шығысын есептеп берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Айырмашылық – 1,1 млрд теңге

Оның айтуынша, ведомство 20 мыңнан астам жазылушысы бар 745 блогердің табысы мен шығысын тексерген.

162 блогердің кірісі мен шығысы арасындағы айырмашылық 1,1 млрд теңгені құрады, - деді министр «АФМ Online 2024» пікірталас алаңында.

Көлеңкелі экономикаға қарсы күресу қажет

Сол себепті Тәкиев жиынға қатысушыларды көлеңкелі экономикаға қарсы белсенді күресуге шақырды.

Блогерлерге салынатын салықтар

Бұрынғы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, Қазақстанда 400-ден астам блогер тіркелген.

2023 жылдың қорытындысы бойынша олар 200 млн теңгеден астам салық төледі. Егер олардың қызметі бизнеспен байланысты болса, әрине, салық төлеуі керек. Бұл үшін арнайы салық режимі бар. Жүктеме 1%-дан 4%-ға дейін, - деп атап өтті ол.

2023 жылдың шілдесінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңға қол қойған болатын.

"Блогер" терминінін анықтамасы заңмен реттеліп, онлайн платформалардағы жарнамаларды таңбалау бойынша міндеттемелер енгізілді.

Осылайша, қазақстандық блогерлер өздерінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарында жарияланған барлық жарнама үшін табыс салығын төлеуге міндетті.

Серіктес жаңалықтары