×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Атырауда бұрынғы әйелін бопсалаған еркек сотталды

06.06.2024, 21:55
Әлеуметтік желіден

Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сотталған мен жәбірленушінің арасындағы заңды неке бұзылып, ортақ некедегі 5 кәмелетке толмаған балалар анасының қамқорлығында қалған. 

Неке бұзылғаннан кейін ер адам түнде бұрынғы жұбайы тұрып жатырған әпкесінің үйінің ауласына заңсыз кіріп, жуынатын бөлменің терезесі арқылы олардың жалаңаш бейнелерін бейнежазбаға түсірген. 

Келесі күні ол бұрынғы жұбайын нотариусқа шақырып, ол жерде одан ортақ үй құнының бір бөлігін беру туралы қолхат жазуды талап еткен, ал бас тартқан жағдайда түсірілген бейнені интернет желісінде таратамын деп қорқытқан. Жәбірленушіні қолхат жазуға мәжбүрлеп, өзінше билік еткен. 

Алдымен дәйектердің жеткіліксіз болуына байланысты ол кінәсіз деп танылған.

Алқа отырысында жәбірленуші құқық қорғау органдарының өзіне және оның балаларына жақындамау туралы бұйрығына қарамастан, сотталғанның үкім шығарылғаннан кейін де оған тыныштық бермегенін айтып көрсетті. Тергеу барысында және үкім шығарылғаннан кейін де ол өзіне қарсы заңсыз әрекеттер жасап, жүрген жерінде оны бағып жүретінін, балағаттайтынын айтты. 

Бұдан басқа, қазіргі уақытта ішкі істер органдарымен сотталғанға қатысты баласын өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу бойынша қылмыстық істің тергеліп жатырғаны анықталды. 

Апелляция шешімі 

Баяндалғандарды ескере отырып, үкім өзгертілді: ҚК-тің 389-бабының 3-бөлігі бойынша сотталған азамат 1,5 жылға нақты бас бостандығынан айырылды. Ол сот залынан дереу қамауға алынды. 

Жәбірленушінің апелляциялық шағымы қанағаттандырылды. 

Серіктес жаңалықтары