×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жетісуда ақбөкен мүйізін заңсыз сақтағандар ұсталды

07.06.2024, 16:01
Жетісуда ақбөкен мүйізін заңсыз сақтағандар ұсталды

Жетісу облысында ақбөкен мүйізін заңсыз сақтағандар мемлекетке 1 миллиард 284 миллион 816 мың теңге шығын келтірген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

6 маусымда Жетісу облысы бойынша ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, шекара қызметі мен ҰҚК департаменті қызметкерлерімен бірлесе отырып, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлардың бөліктері мен дериваттарымен заңсыз айналысқан күдіктіні ұстады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Панфилов ауданының аумағында 39 жастағы ер адам ұсталды. Тінту кезінде үйдің шатырынан скочтпен оралған 7 картон қорап табылды. Бұл қораптардың ішінде 464 ақбөкен мүйізі болған, – деді ПД бастығының орынбасары Елдар Абдикенов.

Мүйіздердің шығу тегі мен түпнұсқалығын анықтауға мүмкіндік беретін сот-биологиялық сараптама тағайындалды. Келтірілген шығын – 1 миллиард 284 миллион 816 мың теңге.