×
472.57
508.34
5.4
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
472.57
508.34
5.4

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петиция 50 мың қол жинады

07.06.2024, 17:50
Коллаж Ulysmedia

Шенеуніктер бұған дейін уәде еткендей, енді Үкіметте Қазақстандағы бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петицияны қарау үшін жұмыс тобын құрылуы тиіс, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстандағы бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы ресми петиция 50 мың қол жинады. Оны Үкімет қарастыруы үшін дәл осынша мөлшерде қол жиналуы керек болған.

Вице-премьер Серік Жұманғариннен бұған дейін Қазақстандағы бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петиция 50 мың дауыс жинаған кезде не болатыны жөнінде сұралған еді

– Петиция 50 мың дауыс жинаған кезде арнайы жұмыс тобын жинап, белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен сарапшыларды тарта отырып, қарастырамыз. Мен қазір болжамдар жайлы айтқым келмейді. Ол 50 мың дауыс жинай ма – күтейік, - деді ол.

Жаңа уақыт белдеуі

Қазақстан бүгіннен бастап жаңа уақыт белдеуіне көшіп, бүкіл елде уақыт теңестірілді. 

Үкімет басшысы таяуда Қазақстан аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы қаулыға қол қойған еді. 

Құжатқа сәйкес, елде Қазақстанда уақытты есептеу сағат белдеулерінің халықаралық жүйесі бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5-ші сағаттық белдеу қолданылады. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат артқа ауыстырды.

19 қаңтарда үкімет Қазақстанның барлық аумағында UTC+5 уақыт белдеуін енгізу туралы қаулыны бекіткен еді.

 

Серіктес жаңалықтары