×
480.63
535.13
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.63
535.13
5.27

Жамбыл облысы экс-әкімінің ісі: Бас прокуратура оны ақтау үкіміне қарсы

08.06.2024, 09:29
Фото: Ашық дереккөзден

Прокуратура Кәрім Көкірекбаевтың ісі бойынша үкімге наразылық енгізілетінін хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz порталы құзырлы органға сілтеме жасап.

Бас прокуратура не дейді

Құзырлы орган 7 маусымда Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен ТЖМ «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы К.Н. Көкрекбаевқа қатысты ақтау үкімін жарияланғанын атап өтеді.

– Ол адамдар тобы болып аса ірі мөлшерде бірнеше рет пара алды деп айыпталған. Көрсетілген соттың үкіміне прокуратурамен оның күшін жою туралы апелляциялық өтінішхат келтіріледі, – делінген хабарламада.

Сот анықтаған деректер:

2022 жылғы 22 желтоқсанда сотталушы А.мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары бола отырып, орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойған және жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйым директорынан пара алған деп айыпталған болатын. Пара сомасы сол кезде 397 621 доллардан асатыны айтылған.  

Сотталушы П. ЖШС директоры бола отырып, орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары А. - ға 397 621 доллар көлемінде пара бергені жазылған.  

Үкімдер:  

К. оған тағылған айыптар бойынша ақталды.  

А.ҚК-нің 366-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. 2022 жылғы 5 желтоқсандағы эпизод бойынша ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігі бойынша-ақталды.  

П.ҚК-нің 367-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. 2022 жылғы 5 желтоқсандағы эпизод бойынша ҚК-нің 367-бабы 4-бөлігі және 195-бабы бойынша ҚК-нің 2-тармағының 4-бөлігі-ақталды.  

Еске салайық 2022 жылдың желтоқсан айының соңында "ҚР ТЖМ Қазселденқорғау" ММ директоры Кәрім Көкрекбаев ұсталды. Ол BAZIS CONSTRUCTION - INFR филиалының директоры Андрей Поплавскийден шамамен 800 мың доллар көлемінде ірі пара алды деген күдікке ілінген.