×
450.79
482.21
5.05
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
450.79
482.21
5.05

Палестинадағы соғыс: БҰҰ Цахалды «қара тізімге» енгізді

08.06.2024, 09:58
Коллаж Ulysmedia

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Израиль армиясын қарулы қақтығыс жағдайында балалар құқығын бұзушылардың "қара тізіміне" енгізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш Израиль өкілдігіне тиісті хабарлама жібергенін жеткізді.

– Бүгін Израильдің БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Гилад Ердан БҰҰ Бас хатшысының балалар мен қарулы қақтығыстар туралы баяндамасына қосымша ретінде Израильді қақтығыс кезінде балаларды қорғауды жақсарту үшін тиісті шаралар қабылдамаған елдер және қарулы ұйымдардың тізіміне енгізу туралы шешімді аппарат басшысы арқылы БҰҰ бас хатшысынан ресми хабарлама алды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, "қара тізімге" ХАМАС пен "Палестина исламдық жиһадын" енгізу жоспарланған. Онда Ауғанстан, Конго, Мали, Мьянма, Сомали, Судан, Йемен, Сирия, сондай-ақ "әл-Каида", ДАИШ, "Аш-Шабааб" және "Боко Харам"сияқты топтар бар.

Еске сала кетейік, Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соғыс кезінде анклавта 36 мыңнан астам адам қаза тапқан.

Серіктес жаңалықтары