×
475.39
513.37
5.4
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.39
513.37
5.4

Министр онкология науқастарын емдеуге бөлінген қаражатты қысқартатын бұйрық шығарды

08.06.2024, 15:29
Коллаж Ulysmedia

Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық ауруларды емдеуге бөлініп келген бюджет қаражатын қысқарту жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл жайлы депутат Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Ол денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың бұйрығын жариялады. Құжатта қаржыландыру орта есеппен 20% қысқарады делінген.

Мәжілісмен бұл шешімді сынға алып, оның "кулуарлық" сипаты барын әрі талқылаусыз қабылданғанын мәлімдеді.

– Бұл бұйрықтан кім зардап шегеді? Бұл қанша адамның өмірі мен тағдыры? Шенеуніктердің түсініксіз және үстірт ақпаратынан басқа қандай ғылыми негіз бар? Неліктен жан-жақты зерттеусіз, жаза салып, осындай маңызды шешімдер қабылданады? Сұрақ өте көп.

Барлығы онкологиядан ешкім қорғалмағанын түсінуі керек. Бұл салада көп проблема бар. Бірақ соңғы жылдары үміт қана емес, нақты оң өзгерістер бола бастаған еді, – деп жазды ол.

Оның айтуынша, министрлік ақылға сыймайтын шешім қабылдаған.

– Бір кездері осы қорқынышты ауруға душар болғандар ғана бұл эмоцияларды түсінеді.
Министрліктің толық жауабы мен зерттеу нәтижелері бар деп үміттенемін, — деп түйіндеді ол.

Еске сала кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі қаржыландыруға байланысты бұрын да сынға ұшыраған. Мәселен, бұған дейін Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының жобасы пайда болды. Құжатта министрлік бұдан былай орфандық аурулары бар адамдар үшін қымбат дәрі-дәрмектерді сатып алмайтыны жазылған.

Серіктес жаңалықтары