×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Парижде Израильді Олимпиададан шеттетуді талап еткендер көшеге шықты

08.06.2024, 16:55
Скриншот

Париж тұрғындары Израильді биылғы Олимпиададан шеттетуді талап етіп, көшеге шықты, деп хабарлайды Ulys Sport.

Палестинаны жақтайтын белсенділер Париждегі Олимпиада комитетінің қабырғасында Израильдің 2024 жылғы Олимпиадаға қатысуына тыйым салуды талап етіп митинг өткізді. Белсенділер өз талаптарын Израильдің Газадағы әрекеттерімен негіздеді.

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) бұған дейін израильдік спортшыларды Олимпиадаға жібермеу туралы мәселе қаралмайтынын айтқан болатын.

Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесінен 11 тамызына дейін Парижде өтеді.

ХАМАС содырлары 2023 жылдың 7 қазанында Израильге шабуыл жасап, 1200 адамды өлтіріп, 250-ге жуық адамды кепілге алды. Шабуылдан кейін Цахал күштері Газа секторында әскери қимылдарды бастады.

Мамыр айының басында Израиль Газа секторының оңтүстігіндегі Рафахта операцияны бастады. Бұл шаһар - операция кезінде Израиль әскерилері басып алмаған соңғы қала.

Соғыс кезінде тараптар бірнеше рет атысты уақытша тоқтату туралы келіссөздер жүргізді, бірақ қақтығысты реттеу туралы келіссөздер тоқтап қалды.

Серіктес жаңалықтары