Белгілі экономист әрі бизнесмен Алмас Чукин Қазақстан экономикасының проблемалары жайлы пікірін әлеуметтік желіге жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сарапшы кәсіпкерлердің мемлекеттік саясатқа байланысты негізгі шағымдарын жинақтауға тырысқанын жазып, ізінше үш негізгі талапты атап көрсетеді. Оның айтуынша, кәсіпкерлер көбінесе шектеулер мен ресурстардың жоқтығына шағымданады.
– Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік компаниялар өз іс-әрекеттерімен еркін дамуға және бәсекеге түсуге мүмкіндік бермейді. Содан кейін олар пісіп-жетілген нарыққа басын тығып келе қалады, несиені керек адамдарға бермейді, ізінше мемлекеттік тапсырыстарды да дұрыс таратпайды.
Шағымдардың екінші толқыны – талаптың көптігі. Мағынасы жоқ немесе мүмкін емес мыңдаған реттеуші талап пен әрқашан келіп, тексеріп, жазалай алатын мыңдаған шенеуніктер, - деп кәсіпкерлердің шағымын келтіреді кәсіпкер.
Чукин Қазақстандағы мемлекет ойыншы болуды тоқтатып, бапкер болуы керек деп есептейді. Ол мемлекет ақша жасамайтынын, бірақ халыққа тиесілі қаражатты басқаратынын атап өтеді.
– Әрине, біздің елімізде табиғи аннуитет түрінде үлкен ерекшелік барын түсіну керек. < ... > Бірақ елдің басты күші – адамдарда. Егер біз ресурстардан аспай, нақты экономиканы дамытпасақ, балаларымыздың болашағы күрделі болуы мүмкін. Президент өз жарлығында ең бастысы – дұрыс бағыт берді. Жекешелендірудің барлық түрі мен тәуелсіз директорлар туралы бірқатар реттеуші нәзік мәселелердің ішінен мен осы тезисті атап көрсетер едім, - деп жазды ол.
Экономист президент Тоқаевтың жақында экономиканы либерализациялау жарлығын еске салып, монополиялық нарықтарды қоспағанда, бағалар мен тарифтерді қалыптастыру еркіндігін шектейтін нормаларды біртіндеп жою туралы тармақты көрсетті.
– Баға деген – басты мәселе. Баға – бұл нарықтың барлық қатысушыларына сигнал және нарықтың негізгі реттеушісі. Бағаларға қол тигізбеңіз, сонда ғана нарық дұрыс жұмыс істей береді. Әлбетте, бәрі бірдей қанағаттанбайды, бірақ нарық осылай жұмыс істейді. Ешкім, бақытымызға орай, кафелердің, шаштараздардың немесе қонақ үйлердің бағасын реттемейді. Секторлар өсіп келеді. Ритц қонақүйлері мен хостелдерде халық толы. Ал егер шекті бағаны белгілесеңіз, 5 жұлдызды қонақүйге кіруге асығатындар көбейеді, - деп толықтырды сарапшы.
Сонымен қатар, Чукин экономика салалары ішінде және арасында тарифтерді кросс-субсидиялауды алып тастау, сондай-ақ тариф белгілеудің ынталандырушы әдіснамасын қамтамасыз ету туралы тармақтарға назар аударады.
Демек, үшінші және өте маңызды мәселе – егер адамдар оның пайдасын түсінбесе және сезінбесе, ешқандай реформа сәтті болмайды деп есептейді ол.
Экономист экономиканы либерализациялау оңай шаруа емес деп қорытындылатынын, бірақ уақыт әлдеқашан келгенін айтады.
Еске сала кетейік, 10 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканыераықтандыру шаралары туралы жарлыққа қол қойды. Жарлық бәсекелестікті дамыту, экономикаға мемлекеттің қатысуын азайту, бизнес шығындарын азайту арқылы кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз етуге бағытталған.