×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Украина әскері Ресейдегі санаулы Су-57 әскери ұшағы жойылғанын мәлімдеді

09.06.2024, 13:29
Украина әскері Ресейдегі санаулы Су-57 әскери ұшағы жойылғанын мәлімдеді
Фото: Ашық дереккөзден

Украина қорғаныс министрлігінің бас барлау басқармасы (БББ) Ресейдің ең жаңа әскери СУ-57 ұшағы жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БББ мәліметтері бойынша, 8 маусым сенбіде, Астрахан облысындағы Ахтубинск әуеайлағының аумағында ұшақ майдан шебінен 589 шақырым жерде жойылған.

Басқарма 7 және 8 маусымда "Ахтубинск" әуеайлағында ұшақ тұрағының спутниктік суреттерін жариялайды.

– Суреттерде 7 маусымда Су-57 бүтін тұрғаны, ал 8 маусымда оның жанында жарылыстың шұңқырлары мен өрттің зақымдануынан туындаған өрт дақтары пайда болғаны көрінеді, - деп атап өтті БББ.

Су-57 – Х-59 және X-69 зымырандарын зымырандарын қолдануға қабілетті, заманға сай

 жойғыш ұшақ. 

Ресей әскери күштері Су-57-нің зақымданғаны туралы хабар таратқан жоқ.