×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Түркия 2005 жылы Қазақстанның құс етіне салған тыйымды алып тастады

10.06.2024, 14:52
Түркия 2005 жылы Қазақстанның құс етіне салған тыйымды алып тастады
Pixabay

Ауыл шаруашылығы министрлігі шектеулер алынып тасталғаннан кейін Қазақстанның агробизнесінің тың тынысы ашылады деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АШМ мәләметінше, 7 маусымнан бастап Қазақстан өнімін Түркия нарығына жеткізуге кедергі болған бірқатар шектеу алынып тасталған. 2005 жылдан бері құс тұмауы бойынша, 2016 және 2022 жылдардан бері аусыл және нодулярлық дерматит бойынша шектеулер күшінде болған еді.

Түпкілікті шешім

2024 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер министрлерінің Таразда өткен кездесуінде кедергілер мәселесін көтерген болатын.

"Қазақстан Түркия, Түрікменстан және Мажарстан нарығына жоғары сапалы ет өнімдерін жеткізуге дайын екенін білдіреді. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда Түркия нарығы ветеринарлық қызметтер желісі бойынша қазақстандық жеткізушілер үшін іс жүзінде жабық. Биылдан бастап ҚХР мен РФ тарапынан Қазақстанға қатысты осындай шектеулер алынып тасталғанын атап өткім келеді. Осыған байланысты түрік тарапымен де осы мәселені қарауға қайта оралуға болады деп есептейміз", - деп атап өтті Айдарбек Сапаров. Кедергілерді алып тастау мәселелері Түркия Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гизлигидер Эбубекирмен екіжақты кездесу барысында кеңінен талқыланды, – делінген министрліктің хабарламасында.

Түпкілікті шешім мамыр айында Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының 91-ші сессиясы аясында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі А.Бердалиннің Түркияның ауыл шаруашылығы вице-министрі А.Гюменмен өткізген екіжақты келіссөздер нәтижесінде қабылданған.

Ветеринарлық талаптар

Түрік тарапы Қазақстан ұсынған есептерді талдап, Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымына (ДЖДҰ) ұсынып, Қазақстанның осы аурулармен күресу және оларды жою жөніндегі  әрекеттерін жоғары бағалаған.

Бұл шешім Қазақстандағы агробизнестің жаңа перспективаларын және мал шаруашылығы өнімдеріне қойылатын ветеринариялық талаптарды үйлестіру мүмкіндіктерін кеңейтеді, осы елдер арасындағы сауда қатынастарын нығайтудағы маңызды қадам болмақ.

Шектеулер әлі де бар

Қазақстанның мал шаруашылығы өнімдерін ілгерілетудің келесі қадамы ветеринариялық талаптарды үйлестіру болмақ. Бұл мәселелер де ағымдағы жылдың тамыз айында Айдарбек Сапаровтың Түркия Республикасына сапары барысында талқыланатын тақырыптар тізіміне енетін болады.

Еске салайық, бүгінгі таңда Қазақстанның бірқатар өңірлерінде қой мен ешкі шешегі бойынша шектеулер әлі де бар. Қалған тосқауылдарды алып тастау үшін ҚР АШМ ветеринариялық қызметі қажетті шараларды қабылдайды.