×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстерінің саны артады

10.06.2024, 23:55
Ашық дереккөзден

Қазақстан мен Ресей ірі қалалар арасындағы әуе рейстерінің санын көбейтуге ниетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан мен Ресейдің ірі қалалары арасында әуе рейстерінің саны артады.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Виталий Савельевтің кездесуі кезінде белгілі болды.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар Қазақстан-Ресей шекаралас автомобиль өткізу пункттерінің жұмысын бірлесіп тексеруге келісті.

Айта кетейік, Ресей екі жылдан астам уақыт бойы Украинадағы әскери іс-қимылдарын жалғастырып келеді. 2022 жылдың ақпанынан бастап Еуропа елдері мен АҚШ Ресей Федерациясына рекордтық санкциялар салды.

Серіктес жаңалықтары