×
$
456.88
534.64
5.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.88
534.64
5.47

Арқалықта 30 жылдан кейін жолаушылар ұшағы қайта қатынай бастады

Бүгін, 14:51
Арқалықта 30 жылдан кейін жолаушылар ұшағы қайта қатынай бастады
ААК

Арқалықта шамамен 30 жылдан кейін тұрақты жолаушылар әуе рейстері қайта жанданды. Әуежай қайта жаңғыртылғаннан кейін алғашқы ұшақ 22 тамызда Астана – Арқалық бағыты бойынша келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қай бағыттарға ұшуға болады?

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, рейстерді SCAT әуе компаниясы орындайды.

Астана мен Арқалық арасында ұшақтар аптасына екі рет қатынайды. Бір бағыттағы билет құны 10 мың теңге болады.

Сондай-ақ, Алматы – Арқалық – Алматы бағыты бойынша да аптасына екі рейс орындалады. Бір бағытқа билет бағасы 25 мың теңге.

Тағы бір бағыт Арқалықты Қостанаймен байланыстырады. Ұшақтар бұл бағытта да аптасына екі рет ұшады, ал бір бағыттағы билет 10 мың теңге тұрады.

Әуежай қайта жұмыс істей бастады?

Арқалықта тұрақты жолаушылар рейсі шамамен отыз жыл бойы болмаған.

Ұшуларды қайта бастау алдында әуежайға жөндеу жүргізіліп, оған IATA халықаралық үш әріптік AYK коды қайтарылды.

Көлік министрлігі әуе қатынасының қайта жандануы тұрғындардың Арқалыққа қатынауын жеңілдетіп, қаланың, бизнестің және туризмнің дамуына жаңа мүмкіндік береді деп есептейді.