Байден 25 жылға дейін темір торға қамалуы мүмкін. Euronews таратқан ақпаратқа сүйенсек ол қару-жарақ сатып алу кезінде өтірік айтты деген күдікке ілінген. Әңгіме АҚШ президентінің ұлы Хантер Байден туралы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алқабилер Кіші Байден 2018 жылдың қазан айында атыс қаруын сатып алғанда өтірік айтты деген айыптаудың дәлелдеріне сеніп, бір ауыздан “иә” деп жауап берген. Ол арнайы нысаннан қаруды сатып алу құқығына ол “есірткіге тәуелдісіз бе?” деген сұраққа "жоқ" деп жауап берген.
Нәтижесінде Байден қару-жарақ сатып алу кезінде жалған мәлімдеме жасағаны және бұл ақпараттың рас екенін растағаны үшін кінәлі деп танылды. Хантер Байден есірткіге тәуелді болған кезде қару-жарақ үшін кінәлі деп танылды.
Кіші Байден өзі кінәсін мойындамады.
Ол 25 жылға дейін түрмеде отыруы және 750 мың долларға дейін айыппұл төлеуі мүмкін. Іс бойынша үкімнің қашан жарияланатыны белгісіз.
АҚШ президенті Джо Байденнің өзі егер кінәлі деп танылса, ұлына кешірім жасау туралы Жарлыққа қол қоймайтынын мәлімдеді.