Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 105 шақырымында жол-көлік апаты тіркеліп, 4 адам қаза болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Не болды
Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Toyota Hiace жүргізушісі рөлді басқара алмай қалған.
Полиция пікірі
Апат салдарынан төрт жолаушы жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты. Жүргізуші мен тағы екі жолаушысы әр түрлі дене жарақаттымен Шелек ауылының ауруханасына жатқызылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады ПД.