×
477.03
521.44
5.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.03
521.44
5.43

«Кері шегінбейміз»: Пашинян ҰҚШҰ туралы

12.06.2024, 19:55
Ашық дереккөзден

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян елдің Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан (ҰҚШҰ) шығу жоспарлары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Премьер-министр Парламенттегі Үкімет сағатында депутаттардың сұрақтарына жауап бере отырып, осындай мәлімдеме жасады.  

“Өздерінің тікелей міндеттемелерін орындамай, Әзербайжанмен бізге қарсы соғыс жоспарлап отырғандар кінәлі. Біз қашан шығатынымызды өзіміз шешеміз. Ал сіздер келесі қадам қандай деп ойлайсыздар? Кейін қайтамыз ба? Жоқ, басқа жол жоқ. Енді кері шегінбейміз ғой,” - деді Никол Пашинян. 

Оның айтуынша, билік оппозицияның "көңіл-күйін бұзбау" үшін әзір шығу туралы мәлімдемейді.  

Бұған дейін

Ресей СІМ Арменияның ҰҚШҰ-ны қаржыландырудан бас тартуына байланысты ұйымның 2024 жылға арналған бюджетін түзетуге тура келетінін хабарлаған еді. 

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше екі мемлекеттің өздеріне қарсы соғысқа дайындалғанын айтқан. 

Серіктес жаңалықтары