×
475.39
513.37
5.4
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.39
513.37
5.4

Әйелін ұратындардың саны көбейген

12.06.2024, 20:25
Коллаж Ulysmedia

Қазақстан Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті жаңа деректерді жариялады. Одан тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларының өскенін көруге болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ағымдағы жылдың алғашқы бес айында Қазақстанда қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қарсы 323 105 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20% - ға артық.  

Әсіресе отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар үш есеге дейін өсті. Былтыр 16 172 босла қазір 43 812 дейін дейін өсті. Тіркелген ұрып — соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру жағдайларының саны да айтарлықтай көбейіп екі жарым есе өскен.

Комитет мұндай құқық бұзушылықтардың әсерлі өсуіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстегі өзгерістер ықпал етуі мүмкін дейді. 

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларын тіркеу үшін жәбірленушіден жазбаша өтініш талап етілмейді. 

Бұған дейін

Ел ішінде есімі белгілі имам Жарқын Мырзатаев Қазақстанда қабылданған әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау туралы заң елде ажырасу жағдайларын көбейтеді деп есептейін айтқан. 

Серіктес жаңалықтары