×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Баян түрлі образға еніп, мені баурап алды»: Тұрсын Алагөзов отбасылық өмірі туралы сыр шертті

«Баян түрлі образға еніп, мені баурап алды»: Тұрсын Алагөзов отбасылық өмірі туралы сыр шертті
Фото: ашық дереккөз

Белгілі бизнесмен Тұрсен Алагөзов Forbes Kazakhstan арнасына сұхбат беріп, жұбайы, продюсер Баян Мақсатқызымен отбасылық қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол Баян Мақсатқызы актриса болғаны үшін түрлі образға еніп, өзін баурап алғанын атап өтті.

Отбасылық өмірді берік ұстап тұру үшін, екі тарап та бірдей еңбектенуі керек. Ерлі-зайыптылардың бір-бірінен шаршайтын кезі болады. Егер еркек те, әйел де некені сақтағысы келсе, олар бір-біріне қызық болуы керек. Осыны түсіну маңызды. Баян Мақсатқызымен шаңырақ көтерген кезде менің қолымда ештеңе болмады. Бәрін тартып алғанын білесіздер. Бизнесмен емес, қарапайым адам ретінде өмір сүріп көрдім. Спортпен айналыстым. Көбірек саяхаттадым. Кітап оқыдым. Өзімен көбірек оңаша қалып, жұмыс істедім. Бизнестің соңында жүргенде мұның бірін де істеуге уақыт болмайтын еді. Одан кейін әйеліммен көбірек уақыт өткіздім. Баян Мақсатқызы – өте көңілді адам. Ол үнемі қалжыңдайды, әзілдер айтады. Көңілді тақырыптарды қозғайды. Мен онымен осы тақырыпта «ойнай» бастаймын. Ол – ерекше адам және өте мейірімді жан. Талантты адамдарды бірден байқайды. Шыққан әулетін де бүкіл халық біледі. Оған қоса, ол журналист әрі актриса. Журналист болғандықтан адаммен кез келген тақырыпта еркін сырласа алады. Актриса болғаны үшін түрлі образға ене алады. Сонысымен мені өзіне баурады, – деді кәсіпкер.

Сондай-ақ кәсіпкер жарының жобаларына үнемі қолдау білдіріп келе жатқанын жеткізді. 

Баян Мақсатқызымен шығармашылық жөнінде сөйлескен өте қызық. Таңға дейін әңгімелесетін кездер болады. Жақында «Кешью» тобы әлемге танымал рэпер Snoop Dogg-пен дуэт жаздырды. 15 маусым күні Чикаго қаласына өнер көрсетуге аттанады. Баянның сіңлісі Бағым да өте талантты музыкант. Оны айтпай кетуге болмас. Ойлаңызшы, күні кеше ғана мектеп бітірген қарағандылық қыздар 200 миллион оқырманы бар, дүниежүзіне танымал әншімен бір сахнада ән шырқайды. Қандай ғажап дүние?! Еліміздің аты әлемге жайылып жатыр. Шілде айында болатын Париж олимпиадасының ашылуы кезінде Snoop Dogg «Кешьюдің» қыздарымен дуэт орындайды. Практикалық тұрғыда бәрі дайын. Осындай жобаларының бәріне қолдау білдіріп келемін, – дейді Тұрсын Аоагөзов.