×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Ит құрлы қадірі жоқ»: Қабатовқа хит әндердің авторы өкпесін айтты

13.06.2024, 21:30
«Ит құрлы қадірі жоқ»: Қабатовқа хит әндердің авторы өкпесін айтты
Видеодан скриншот

Қазақ эстрадасындағы бірнеше әншінің орындауындағы хит әндердің сөзін жазған ақын Ершат Қайболдин "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында Тұрсынбек Қабатовқа ренішін білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ершат Қайболдин – ақын, айтыскер. Қазақ эстрадасындағы Ғазизхан Шекербеков, Нұрболат Абдуллин, Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі сынды әншілердің әнінің сөзін жазған. Ол “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа ренішін білдірді. Айтуынша  Қабатов ақынды сахнада келеке қылған. 

“Жігіттікке де, мұсылмандыққа да жатпайды,”- деді  Қайболдин Тұрсынбектің әрекеті туралы.

Оқиға бұдан бірнеше жыл бұрын болған. Әңгіменің ұзын-ырғасы Қайболдин “Қайырлы кеш, Қазақстан” деген бағдарламада өлең оқиды.Сол кезде оның артында тұрған Тұрсынбек Қабатов бет-аузын жыбырлатып ақынды келемеждейді. Залда отырғандар бұған бетін басып күледі. Бірақ Ершат Қайболдин өнердегі ағасының бұл әрекетін сахнада байқамаған. Артынан теледидардан көріп қатты көңіліне алған. 

“Мұқағали “жылап қайттым өмірдің базарынан” дейді ғой. Мен де сол секілді “жылап қайттым” – дейді ақын.”

Артынша Қабатовқа өкпелеген ақын оған өлең де арнаған. 

“Жақсыларды жүрсеңдер жамандамай,
Өмір сүрер едік қой, алаңдамай.
Қадірі бар адамды ит қылатын,
Ит құрлы қадірі жоқ адамдар-ай,”- дегенмін дейді Қайболдин.

Сондай-ақ сұхбат барысында ақын Нұрболат Абдуллин хит болған “Сен қорқақсың” әні үшін өзіне 20 мың теңге қаламақы бергенін айтып көзіне жас алды.